Кадровые новости (бесплатно)

Қазақстан Республикасы азаматтарына уақытша тіркеу қандай мерзімге ресімделеді?

Көші-қон қызметі комитеті. Комитет миграционной службы

Көші-қон қызметі комитеті уақытша тіркеу бір айдан бастап бір жылға дейінгі мерзімде жүзеге асырылатынын түсіндіреді.

Бұл ретте, қызметтік міндеттерін орындау, оқуда болуы тұрғылықты жерінен тыс жерде ұзақ тұруымен (бір жылдан астам) байланысты адамдар (растайтын құжат болған кезде) тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығармай міндеттерін орындау үшін қажетті бүкіл мерзімге есепке алынады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 13-тармағы).