Кадровые новости (бесплатно)

Қазақстан Республикасы азаматтары – балаларға  қажетті құжаттар

БАИМБЕТОВА Гульзия Нилшибаевна,

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты АХАТ бөлімінің бас маманы.

Бұл мақалада  Қазақстан Республикасының азаматтары – балаларға қандай құжаттар жасау керек екенін айтамыз.

Туу туралы куәлік – нәрестенің дүниеге келген кезде алатын алғашқы құжаты.

Қайда жүгінуге болады: қызмет ұсынушы арқылы, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (ЖАО), ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері, Мемлекеттік корпорация, Электрондық үкіметтің «egov» порталы арқылы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 189 б. сәйкес ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.

Тууды тіркеу үшін мемлекеттік баж алынбайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: құжаттар топтамасын қызмет ұсынушыға, Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап: тууды тіркеу үшін – 2 (екі) жұмыс күні.

Әке болуды анықтау немесе бала асырап алу кезіндегі өзгерістер, толықтырулар енгізу – 1 (бір) жұмыс күні.

Азаматтық хал актілері  жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 5 (бес) жұмыс күні.

Портал арқылы жүгіну кезінде жеке кабинетке өтініштің қабылданғанын растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Ол үшін баланың туу туралы медициналық куәлігі, ата-анасының жеке куәліктерінің түпнұсқалары және неке туралы куәлігі қажет.

Балаға әкесінің тегі беріліп, алайда ата-анасы некеде тұрмаған болса, әке болуды анықтау ресімделеді, ал 2 құжаттың орнына бір ғана – туу туралы куәлік беріледі. Бұл үшін сәйкестендіру мақсатында ата-анасының жеке куәліктерінің түпнұсқалары, әкесінің өтініші және оның АХАТ бөлімінде болуы қажет, яғни, әке болуды анықтау тек ата-аналарының екеуінің қатысуымен уәкілетті органда беріледі.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 50-ден астам баптарына өзгерістер енгізілді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің, қайталама куәліктер мен анықтамалар берудің барлық түрлері үшін экстерриториялық принцип енгізілді. Баланың қай өңірде туылғанына қарамастан, қайталама туу туралы куәлікті алу қажеттілігі туындаған болса, ол құжатты қалауы бойынша кез-келген тіркеуші органнан, алайда Мемлекеттік корпорацияға немесе «egov» электрондық Үкімет порталына жүгіну арқылы ала алады. .

Ата-аналардың таңдауы бойынша баланың тууын тіркеу проактивті түрде, СМС хабарламалары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Анасында жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда баланың тууын тіркеу және туу туралы куәлік беру мүмкіндіктері қарастырылған. Осылайша, туылғаннан бастап балалардың азаматтығының болмауы мәселесі шешілмек.

Куәліктері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген балалардың тууын тіркеуге арналған құжаттар тізімі кеңейтілді.

МЫСАЛ:

Егер бала Өзбекстанда дүниеге келіп, туу туралы куәлік туған жерінде берілсе, онда жаңа түзетулерге сәйкес ата-аналар кез-келген тіркеуші органнан баланың нақты туған жерін көрсете отырып, қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлік ала алады.

Бұл жаңашылдық ата-аналарға мемлекеттік қызметтердің: мектепке дейінгі мекемелерге кезекке тұру, медициналық ұйымдарға тіркелу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және т.б сияқты электронды түрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.