Кадровые новости (бесплатно)

Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша «egov» электрондық үкімет порталы

НУРЛЫБЕКОВА Гулнар Сырбековна,

Алматы қ. Әуезов ауданының  әкімі аппаратының 

АХАТ бөлімінің басшысы

Электрондық үкімет порталы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдету мақсатында құрылды.

Электрондық үкіметті құру идеясын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2004 жылы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген болатын. Сол жылы оның негізгі кезеңдерін анықтайтын электрондық үкімет құру бағдарламасы қабылданды.

Тәжірибе көрсеткендей, төтенше жағдай және карантинді енгізу кезінде азаматтық хал актілерін онлайн режимінде тіркеу арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері көбейді. Мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ Интернет, электронды терминалдар және мобильді қосымша арқылы алу өте ыңғайлы болғандықтан, жыл өткен сайын тұрғындар арасында порталдың танымалдығы артып келеді.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба қажет, егер электрондық цифрлық қолтаңба болмаса, оны электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Порталда мемлекеттік қызметтерді онлайн режимінде алу туралы барлық қажетті ақпарат қамтылған.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында «egov» электрондық үкімет порталы» арқылы экстерриториялық негізде мына мемлекеттік қызметтерге жүгінуге болады:

бастапқы некені тіркеу – 30 күнтізбелік күн ішінде;

тууды тіркеу – 3 жұмыс күні ішінде;

аты-жөнін, тегін өзгерту, кәмелетке толмаған балалары және мүліктік даулары жоқ жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша  некесін бұзу – 30 күнтізбелік күнге;

қайтыс болуды тіркеу – туыстық қатынастарды растайтын құжаттарды қосу арқылы;

азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама анықтамалар мен куәліктер.

Сондай-ақ азаматтық хал актілерін жаңарту мүмкіндігі бар.