Кадровые новости (бесплатно)

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жағдайында қайтыс болуды тіркеу тәртібі

БАИМБЕТОВА Гульзия Нилшибаевна, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты АХАТ бөлімінің бас маманы

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 50-ден астам бабына өзгерістер енгізілді.

Егер туыстары тіркеуші органға жүгінбесе немесе қайтыс болған адамның туысы жоқ болса Кодекстің 270 б. 1 т. сәйкес мәлімдеме беруге уәкілеттік берілген адамдар медициналық ұйым белгіленген нысандағы құжатты берген немесе соттың қайтыс болу фактісін анықтау немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бермесе, онда тіркеуші орган акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге келіп түскен қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу негізіне сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны өз бетінше жүргізеді.

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлері тобына кіретін басқа да тұлғалар, қайтыс болған тұлғамен бірге тұрған адамдар, көршілері кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде қайтыс болуды тіркеу туралы өтініш береді.

Жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда қайтыс болу туралы өтінішхатпен тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының, ЖАО қызметкерлері, қайтыс болған адам ұсталған не адам қайтыс болған ұйым әкімшілігі немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы жүгіне алады.

Қайтыс болған жері бойынша тіркеуші орган «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне («АХАЖ ТП» АЖ) келіп түскен электронды медициналық куәлікте қамтылған негізге сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді өз бетімен жүргізеді.

Тұлғалардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу кезінде «АХАЖ ТП» АЖ-не келіп түскен мәліметтерге сәйкес қайтыс болу туралы акт жазбасына қайтыс болу туралы медициналық куәлікте, қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде қамтылған қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтер ғана енгізіледі. Қайтыс болу туралы куәлік басылып шығарылмайды.

Қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлерінің шеңберіне кіретін басқа да тұлғалар жүгінген кезде қайтыс болған тұлға туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болғаны туралы акт жазбасына енгізіледі және қайтыс болғаны туралы куәлік беріледі.

Енгізілген түзетулердің негізгі мақсаты: азаматтық хал актілерін тіркеуге жүгінген азаматтардың рәсімін жеңілдету (АХАТ), қажет емес құжаттардыталап етуді жою, мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімдерін айтарлықтай қысқарту.

АХАТ саласындағы өзгерістер халықтың уақыт бойынша және қаржылық шығындарын едәуір қысқартады, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді неғұрлым сапалы форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.