Кадровые новости

Арнайы жұмыс орындары 2021 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін

АУТАЛИФ Нұржан, Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары

Алматы қ. әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы 2021 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілердің өтінімдерін қабылдайды.

Субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындарды өтеу мақсатында беріледі.

Қазақстан Республикасының Заңына 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ «Халықты жұмыспен қамту туралы» (жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 13 мамырдағы № 327-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы») және ҚР Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бекіткен «Мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасау» жобалық кеңсесін іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес, Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға ниет білдірген жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау бойынша жұмыс жүргізеді (көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек адамдар).

Осыған байланысты арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді – мүгедектің жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықталған жұмыс орындары (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары) шығындарды субсидиялаудың негізгі талабы құрылатын жұмыс орнының мүгедектің жұмыс орнының стандарттарына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығы сәйкестігі болып табылады.

Арнаулы жұмыс орны мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын сақтау үшін ол құрылған сәттен бастап күнтізбелік он екі айдан кем емес мерзімге құрылады.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орнын құруды халықты жұмыспен қамту Орталығымен келісім-шартқа отыру негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады.

Аталған бағдарламаға қатысу үшін сізге өтініш беру 2020 жылғы қажетті құжаттарды қоса бере отырып (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 349 бұйрығымен бекітілген «заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер ретінде есепке қоюды растайтын құжат; арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы) жүргізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ға хабарласыңыздар: Алматы қ, Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы көшесінің қиылысында. Уақытша жұмыс орындары бөлімі, тел.: +7 (727) 224-20-00, 221-66-11, e-mail: centr_almaty@mail.ru.